"Рухани жаңғыру" аясында мүшайра өтті

0
2 590

Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласын жүзеге асыру аясында жас ақындар арасында мектепішілік ақындар мүшәйрасы өтті.


Жақында Түркістан облысы, Түркістан қаласындағы Ататүрік атындағы №17 мектеп-гимназиясында Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласын жүзеге асыру аясында жас ақындар арасында мектепішілік ақындар мүшәйрасы болып өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Мүшайра «Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы» тақырыбында өтті. Рухани жаңғыру мүшәйрасын қазақ тілі пән мұғалімдері А. Анжаева, П. Тұрлыбеков, Б. Юсуповалар мен мектеп кітапханашылары Ф. Ерубаева, М. Масадиковалар ұйымдастырды.

Бұл ақындар мүшәйраның негізгі мақсаты жас ақындардың тың таланттарын анықтап, жаңа буынды көпшілікке таныстыру. Сондай-ақ, жастардың ұстазға деген құрметін, сүйіспеншілігін арттырып, олардың шығармашылықтарын шыңдап, қолдау білдіру болып табылады.

Алғашқы сөзді мектеп кітапханашысы Ф. Ерубаева алып, жас ақындарға мүшәйраның мақсаты туралы толыққанды түсінік берді.

Аталған іс-шараға мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ш. Примбетова, математика пән мұғалімі Г. Деңгелбаева, мектеп кітапханашысы Ф. Ерубаева төрелік жасады. Жас ақын оқушыларымыздың ұстаздарға арнаған өлеңдері оқылып тыңдалды.

Төрешілер өздерінің сын-пікірлерін, ұсыныстарын айтты. Төрехан Салтанат 8 «ә» сынып оқушысы, Ақмахан Назерке 8 «б» сынып оқушысы, Алдаберген Бақберген 6 «б» сынып оқушылары жазған өлеңдері тыңдармандардың көңілінен шықты.