​Сайрамда мемлекеттік қызметкерлер үшін маңызды кездесу өтті

0
1 556

Кездесу барысында анонимді сауалнамалар алынды. Сонымен қатар, ауыл азаматтарын және мемлекеттік қызметкерлерді жеке мәселелері бойынша қабылдау жүргізілді.


​Сайрамда мемлекеттік қызметкерлер үшін маңызды кездесу өтті

Түркістан облысы, Сайрам ауданында мемлекеттік қызметкерлер үшін маңызды кездесу болып өтті,- деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Түркістан облысы, Сайрам ауданы бойынша жергілікті атқарушы органдардағы әдеп жөніндегі уәкіл функциясы аудан әкімі аппаратының персоналды басқару (кадр қызметі) бөлімінің басшысы Айтқұлов Ғани Саурбайұлына жүктелуіне байланысты мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің мемлекеттік қызмет, қызметтік әдеп нормаларын сақталуын, сондай-ақ ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйін мониторингтеу, жеке қабылдау жүргізу мақсатында арнайы кесте түзілді.

Түзілген кестеге сәйкес, 2018 жылдың 6 желтоқсаны күні Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Ақсукент, Ақбұлақ және Қарамұрт ауылдық округтерінде кездесулер өткізіліп, ауылдық округ әкімі аппаратының барлық мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қатысуымен, әдеп кодексі талаптарының сақталуы бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Осы кездесу барысында анонимді сауалнамалар алынды. Сонымен қатар, ауыл азаматтарын және мемлекеттік қызметкерлерді жеке мәселелері бойынша қабылдау жүргізілді.