Сарыағаштық 7 жасар бала ісі: ОҚО ІІД криминалдық полиция басқармасының басшысына қатысты қылмыстық іс қозғалғаны рас па ?

0
4 580

Бүгін сол хатымыздың негізінде ОҚО ІІД криминалдық полиция басқармасының басшысы полковник Бауыржан Селтановқа қатысты ҚР ҚК-нің 362 бабы 1 бөлігімен қылмыстық іс қозғалды деген жауап келді.


Сарыағаштық 7 жасар бала ісі: ОҚО ІІД криминалдық полиция басқармасының басшысына қатысты қылмыстық іс қозғалғаны рас па ?

Бұл туралы мәліметті «С-ИНФОРМ» газетінің бас редакторы Амангелді Батырбеков Фейсбук әлеуметтік желідегі жеке парақшасында жариялады,-деп хабарлайды ERNUR.KZ.

«30-шы наурыз күні, ІІМ "вице-министрі" геренал Рашид Жақыпов пен ІІМ-нің тергеу департаментінің басшысы генерал Мұхаран Әміров екеуіне ««Общественный защитник мальчика из села Абай Динмуханмед Артыков: «Спецоперацией руководил полковник Бауыржан Селтанов» деген тақырыптағы мақала жарияланған газетіміздің 28.03.2018 жылғы №3 саны тіркелген "С-ИНФОРМ" атынан хат тапсырғам. Бүгін сол хатымыздың негізінде ОҚО ІІД криминалдық полиция басқармасының басшысы полковник Бауыржан Селтановқа қатысты ҚР ҚК-нің 362 бабы 1 бөлігімен қылмыстық іс қозғалды деген жауап келді. Генералдар сөзінде тұрды!»,-деп жазған А. Батырбеков желідегі парақшасында.

Оған қоса, Амангельді Батырбеков ҚР ІІМ-нің атауы көрсетілген хатты жариялап отыр.

Бұл ақпараттың шынайылығын тексеру үшін ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасына хабарласқанымызда, олар бұл туралы кез-келген мәліметті Бас прокуратура ғана тарата алатынын алға ратты.

ҚР Бас прокуратурасының ресми өкіліне жолдаған сұрағымызға әзірге жауап жоқ.