Айгүл Орынбек өгей шешесінен азап көрген қыздардың туған анасына "ВКонтакте" әлеуметтік желісінде жазған хаттарын өзінің "фэйсбук" парақшасында жариялады.
Иллюстрациялық фото: Ғаламтордағы ашық дереккөзден алынды
Заңгер, қоғам белсендісі Айгүл Орынбек өгей шешесінен азап көрген қыздардың туған анасына "ВКонтакте" әлеуметтік желісінде жазған хаттарын өзінің "фэйсбук" парақшасында жариялады, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
"Үш қыздың анасы, үлкен қызымен сөйлескен хаттарын берді. Былтыр ғана хат алмасып жүріп, қыздар бірден өзгерген анасымен сөйлесуді доғарған.Жеті жыл хабарсыз кеткен деген ақпарат өтірік. Психолог, психиатрлар болса, мына хаттардан ақ білуге болады. Қыздардың және анасының қандай үрей, қорқынышпен жүргенін. "Тастап хабарсыз қашып кетті дегені өтірік болып шығып тұр". Тағы қандай өтіріктері шығады екен?! Ең бастысы қыздардың құқығы қорғалғаны керек! Ал ақпаратты сенімді көздерден алған дұрыс. Қыздардың анасы алдағы уақытта құзырлы органдардан, өз өкілдігін талап етпекші. Қыздармен психологтардың жұмыс істегенін сұрап отыр. Сосын анасын "Жәлеп" деп ақпарат таратып жатқандарға айтарым, жеңіл жүріспен айналысып жүрген ана дәретхана жумайды. Ағасымен бірге тұрмайды. Сол себепті журналистер қауымы ақпаратты зерделеп барып таратыңыздар"- деп жазады Айгүл Орынбек.
Қызы: -ВК барын ешкімге айтпаңыз.
Анасы:- Иә айтпаймын.
Қызы:- Ешкім білмейді, папа өлтіреді білсе.
Анасы:- Папа ұрысады ғой. Білем жаным. Сурет жіберші?
Қызы:-Бізді неге алып кетпейсіз?
Анасы:- Папаң бермейді ғой.
Қызы:- Сотпен ше? Біз қаласақ ше?
Анасы:-Қыздар үшін бәріне барамын деп, саған да жоқ, маған да жоқ қыламын. Сені өлтіремін дейді. Мен одан қорқамын.
Қызы:- Бәрібір сізге барамыз ғой. Қолынан ештеңе келмейді ғой. Сөйлей береді. Мамаға да ұрыса береді.
Анасы:- Білмеймін неге екенін қорқамын. Сендерге ше?
Қызы:-Миы ашып қалған ба білмеймін.