Шардарада өрімдей бала мазутқа құлап мерт болды

0
1 996

Шардара қаласында жеке кәсіпкердің жалдамалы 2 жұмысшы аудан орталығындағы «Шардара» мектеп-лицейінің ауласында орналасқан мазут өнімі тұрған қоймаға мазут құймақшы болғанда аяғы тайып сұйық отынға құлаған. Бұл кезде бөшке ішінде 2 жарым тона мазут болыпты. Салдарынан бірі оқиға орнында қаза болып, бірі аудандық аурухананың жан сақтау бөліміне жеткізілген.


Шардарада өрімдей бала мазутқа құлап мерт болды

2019 жылғы 8 қаңтар күні Шардара қаласында жеке кәсіпкердің жалдамалы жұмысшылары аудан орталығындағы «Шардара» мектеп-лицейінің ауласында орналасқан мазут өнімі тұрған қоймаға мазут құймақшы болғанда бақытсыздыққа ұшыраған, деп хабарлайды ERNUR.KZ Шардара ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Олардың біреуі ішінде 2,5 тонна мазуты бар қоймаға абайсызда аяғы тайып құлайды. Қасындағы серігі құтқармақ болғанда ол да қоймаға құлап кетеді. Құлаған екі жігіттің біреуі оқиға орнында қайтыс болады. Ал екіншісі аудандық аурухананың жан сақтау бөліміне жеткізіледі. Бүгінде науқас жансақтау бөлімінен терапия бөліміне шығарылды. Аталған мәселе бойынша жұмысшы тобы құрылып, анықтау амалдары жүргізіліп, кәсіпкер азаматқа аудандық құқық қорғау органдары тарапынан тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Орын алған жағдайды аудан әкімдігі қатаң бақылауға алыпты.