​Шардарада балық өсірумен айналысатындардың саны артып келеді

0
2 407

Биылдың өзінде балық өсіруді мақсат тұтқан шабақ жіберуге арналған тағы екі жасанды көл жасалды.


​Шардарада балық өсірумен айналысатындардың саны артып келеді

фото: ашық дереккөзден алынды

Түркістан облысы, Шардара ауданында балық өсірумен айналысатын шаруашылықтардың саны артты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Биылдың өзінде балық өсіруді мақсат тұтқан шабақ жіберуге арналған тағы екі жасанды көл жасалды. Мұндағы басты мақсат - аудандағы балық өңдеу зауыттарына шикізат жеткізіп беру болып отыр.

Өйткені, дайындаған өнімінің 80 пайызын алыс және жақын шетелдерге экспорттап отырған шардаралық 4 кәсіпорын бүгінде шикізат тапшылығын сезіне бастаған сыңайлы.

Жасанды су айдындарында бүгінде ақ амур, сазан және жайын балығы өсіріліп жатыр. Олардың тіршілік етуі үшін кәсіпкер 30 гектар жерді тереңдете қазып, жасанды көл жасаған. Өзбекстаннан әкелінген 30 мың шабақты көлге жіберген. Әкелгенде салмағы небәрі 60 грамм ғана болған балық тұқымы қазір 3-4 киллограмм болып өсіп қалыпты. Кәсіпкердің келер жылы шетінен аулап, 60 тоннадай балық сатпақ жоспары бар.

«Балыққа күтім қажет. Суы уақытында тазартып тұруды қажет етеді. Дәрісін, қоспасын қосып тұрамыз. Уақтылы жем беріледі», - дейді балық өсірумен айналысып отырған кәсіпкер Ерқанат Сәмбетов.

Кәсіпкер тағы бір африкалық сом дейтін балық тұқымы өсіріп жатқан көрінеді. Жылан балығы мен сомды будандастырған бұл тұқым аймақта бұрын соңды өсірілмеген екен. Өзгесінен ерекшелігі - жылдам өсіп, тез салмақ қосады. Әзірге шабақтар жылыжай ішіндегі су толтырылған арнайы әуіздерде өсіріліп жатыр. Үлкейген соң жасанды көлге жіберілмек.