​Шетелдіктер Түркістан облысының тарихи орындарын аралады

0
2 058

Түркістан облысының тарихи-мәдени жерлерінде «Тарихи тағзым» экскурциясы өткізілді.


​Шетелдіктер Түркістан облысының тарихи орындарын аралады

Түркістан облысының тарихи-мәдени жерлерінде «Тарихи тағзым» экскурциясы өткізілді. Оған 15 адамнан құралған өзбек делегациясы да қатысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.

Жамбылдық 250 қатысушы Түркістан облыстарының тарихи жерлерін зерттеуге аттанды. Экскурсия жастар арасында өз еліне деген сүйіспеншілікті оятуды көздеп, туған өлкенің тарихы мен мәдениетіне қызығушылықтарын туғызу үшін жасалды. Шараның негізгі мақсаты — патриоттық сезімді күшейту.

Саяхатқа өңірдің әртүрлі салаларында белсенділік танытып жүрген жастар, жоғары және арнаулы орта оқу орындарының студенттері, еріктілер, балалар үйінің тәрбиеленушілері және БАҚ өкілдері қатысты. Биылғы жыл Қазақстанда Өзбекстан жылы болып жарияланғандықтан, экскурсияға 15 адамнан құралған өзбек делегациясы қатысты.

Олар Түркістан облысының Қазығұрт, Бәйдібек аудандарының тарихи жерлерін тамашалады. Саяхат киелі атанған Ақ Мешіт үңгіріне, Қошқар ата, Бәйдібек ата, Домалақ ана кесенелеріне барып, тағзым етуге ұласты. Шара соңында барлық қатысушыға арнайы куәліктер табыс етілді.