Шымкентте жас келіндер сайысы өтті

0
4 633

ERNUR.KZ. Шымкентте "Әдет-ғұрып және Салт-дәстүр" орталығының бастамасымен "Жақсы келін-ырысың" атты қалалық жас келіндер сайысы өтті,-деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Шымкентте жас келіндер сайысы өтті

ERNUR.KZ. Шымкентте "Әдет-ғұрып және Салт-дәстүр" орталығының бастамасымен "Жақсы келін-ырысың" атты қалалық жас келіндер сайысы өтті,-деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл байқауда әр әулеттің намысын арқалаған 7 үміткер бақ сынады.

Түрлі сынақтан өткен сұлу келіндер салт-дәстүрден хабардар екендіктерін аңғартып бесік жыры сияқты дәстүрлерді сахналады. Үй тапсырмасының шарты бойынша, көзтартарлық қолөнер жасап дайындаумен бірге, "талантты болу-тәңірден" деп өз өнерлерімен де көпшілікті тәнті етті.

4 талапты қамтитын шараға Б.Өтепов атындағы өнер мектеп-интернаты директоры, айтыскер ақын Маржан Есжанова, Қаратау ауданы әйелдер кеңесінің төрайымы Зульфия Бекмурзаева, Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармония әншісі Гүлмира Қалыбекова қазылық етті.

Ақыл мен ептілікті сынға салған бұл байқауда төрешілердің әділ шешімімен оқ бойы оза шыққан Айдана Егеубаева 30-мыңды қанжығасына байлап, 1-орынға ие болды. 2- орынға Әйгерім Бегалы жайғасса, Нұрәліқызы Айниса 3-орынды қанағат тұтты. Қалған қатысушыларға сертификаттар беріліп, түрлі номинациялармен марапатталды.

ERNUR.KZ

Жансая Алпамысова