Шымкентте "Рухани жаңғыру: мәдени даму жолдары" тақырыбындағы облыстық семинары өтті

0
2 729

29 наурыз күні Шымкент қаласында ОҚО мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы мен Облыстық арнайы көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған кітапханасының ұйымдастыруымен "Елбасының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мбадарламалы мақаласы аясында "Рухани жаңғыру: мәдени даму жолдары" тақырыбындағы облыстық семинары өтті,- деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Шымкентте
29 наурыз күні Шымкент қаласында ОҚО мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы мен Облыстық арнайы көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған кітапханасының ұйымдастыруымен "Елбасының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламалы мақаласы аясында "Рухани жаңғыру: мәдени даму жолдары" тақырыбындағы облыстық семинары өтті,- деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Іс-шара конференциясы Әдет-Ғұрп және Салт-Дәстүр орталығында бастау алды. Жиын барысында сөз алған орталық баяндамашысы Жанат Қалиқызы байлықтарымызды бағамдап, ұлттық құндылықтарымыз бен мәдениетімізді таныстырды. Өз сөзінде: "Көшпелілерді бұрын "жабайылар" деген, шынтуайтына келгенде, сол көшпелі халықтың ұтқыр өмір тәжірибесі - бүгінгі мәдениетіміз" -, деп нықтап айтты. Осы тұста, Қазақ жерінде XlX ғасырда айдауда болған поляк Бронислов Залескийдің: "Бұл бір ғажайып көрініс: олар көш кезінде, мерекедегідей жасана киінеді..." деп таңдана бағалағанын да тілге тиек етсек болады.

Сондай-ақ, Облыстық семинар Тарихи-Өлкетану мұражайында да жалғасын тапты. Еске сала кетейік, 15-ақпан күні Облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың қатысуымен "Н.Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам" көшпелі кешен көрмесі өз жұмысын бастаған болатын. 2018 жылдың мамыр айына дейін жалғасын табатын көрмеде "Елбасы қызметінің хроникасына" шолу жасалынды. Сонымен бірге, шетел президенттерінің Қазақстан мәдениеті мен Елбасымызға берген 40-қа жуық наградаларды тамашалады.

Арнайы кітапхана мен филиалдар кітапханашылары, мүмкіндігі шектеулі азаматтармен қызмет жасайтын арнайы мамандар, дефектолог, тифлолог мамандары құрайтын топ "Қазына" этно-мәдени саябағына да сапарын жалғады. Рухани азықтанған филиал кітапханашылары басқосу соңында айлық және тоқсандық есеп пен жоспарларын тапсырды.

Жансая Алпамысова

ERNUR.KZ