​Шымкентте салтанатты шеру өтті

0
2 162

Шымкент қаласында Ұлы Жеңістің 73 жылдығына арналған «Ер есімі - ел есінде» атты салтанатты іс-шара болды. Аталмыш шара басында 1941-1945 жылдары Отан қорғаған майдангерлердің ұрпақтары – қала жұртшылығы қолдарына өздерінің майдангер аталарының суреттері бар транспаранттарды ұстап, «Ұлттық полк» ұранымен Қ.Мұңайтпасов атындағы стадионнан Абай саябағындағы «Даңқ» мемориалына дейін сап түзеп, шерумен жүріп өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Мемориал алдында ОҚО әкімі Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев арнайы сөз сөйлеп, жиынды ашып берді.

Мерекелік шарада Әскери үрмелі аспаптар оркестрі тақырыптық марштар орындады. Қала тұрғындары мен ардагерлер Абай саябағында «Мәңгілік алауға» гүл шоқтарын қойды. Содан кейін ҰОС ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне арналған әскери өмірден театрланған көріністер қойылды, оларға дала ботқасы ұсынылды.

Ұлы Отан соғысына ОҚО-дан 140 мыңнан аса адам қатысқан екен. Соның 70 мыңы елге аман-есен оралыпты. Ерлігі үшін оңтүстікқазақстандық 51 азаматқа Кеңес Одағы батыры атағы берілсе, 8 майдангер «Даңқ» орденінің иегері, 1-уі Халық қаһарманы атанған.

Қарт майдангерлерге ОҚО әкімінің атынан құттықтау хат жолданып, сый-сыяпат көрсетілген. Сонымен қатар, ҰОС ардагерлеріне 240 500 теңге, тыл еңбеккерлеріне 12025 теңге көлемінде біржолғы материалдық көмек төленді. Жалпы Жеңістің 73 жылдық мерекесінде облыста 174 ҰОС ардагері мен 15733 тыл еңбеккерлеріне және 4885 соғысқа қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілгендерге құрмет көрсетілген.