Шымкентте зауыт өртеніп кетті (видео)

0
1 479

Бұл ғимаратты "Айдын энерджи" ЖШС жалға алғаны анықталды. Бұл мекеме трансформаторларды қалпына келтіру жұмыстарымен айналысқан.


Шымкентте зауыт өртеніп кетті (видео)

ERNUR.KZ. Бүгін Шымкентте алапат өрт болды. Қызыл жалын "Электроаппарат" зауытының аумағындағы цехтың бірінен тұтанған, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Тілсіз жау бір сағатта сөндірілген. Белгілі болғанындай, май толы құты жанып кеткен. Бұл ғимаратты "Айдын энерджи" ЖШС жалға алғаны анықталды. Бұл мекеме трансформаторларды қалпына келтіру жұмыстарымен айналысқан.

Өртті ауыздықтауға 10 арнайы көлік пен 50 ге жуық өрт сөндіруші тартылған.


Қара түтіннен қорқып кеткен жергілікті тұрғындар ОҚО ТЖД 101 өрт сөндіру қызметіне толассыз хабарласқан. Алдын ала болжам бойынша кәсіпорын қызметкерлерінің сөндірмей тастаған темекі тұқылы өт шығуына себеп болуы ықтимал деген болжам айтылуда.