Шымкентте Өзбекстанмен бірлескен тоқыма тауарларының көрмесі өтті

0
2 014

2017 жылдың қорытындысы бойынша Өзбекстанмен сыртқы тауар айналымы 16,8 пайызға артып, 622,6 млн. АҚШ долларын құрапты. Ал импорт 369,88 млн. АҚШ долларын құраған.


Шымкентте Өзбекстанмен бірлескен тоқыма тауарларының көрмесі өтті

Шымқалада «Оңтүстік Қазақстан-Өзбекстан» тоқыма өнеркәсібі өнімдерінің көрмесі болды. Көрмеге тоқыма, киім, теріден жасалған өнімдер, фармацевтика, жиһаз, сувенирлер, спорт тауарлары мен ойыншықтар өндіретін оңтүстікқазақстандық және өзбекстандық 60-қа жуық кәсіпорындар қатысты. Екі күнге созылатын шараның ашылу салтанатында облыс әкімі Ж.Қ. Түймебаев арнайы сөз сөйледі.

-Бүгінгі іс-шара ОҚО мен Өзбекстан арасындағы бауырластық пен ынтымақтастықты орнатуға бағытталған тағы бір қадам екендігі даусыз. Мұнымен қатар экономикалық қарым-қатынастың да артып отырғанын баршамыз көріп отырмыз. Өткен жылдың қорытындысы бойынша өзбек ағайындармен сыртқы сауда айналымының көлемі 2,0 млрд. АҚШ долларына жетті. Оның 30 пайызы ОҚО-на тиесілі – деді облыс әкімі.


Осы күндер ішінде Өзбекстанның Қазақстандағы күндері аясында жоспарланған іс-шара шеңберінде кәсіпкерлердің, инвесторлардың қатысуымен «Аймақтық ынтымақтастық пен интеграция – өткізу нарығын кеңейту арқылы екі елдің кәсіпкерлерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру» атты ғылыми-тәжірибелік дөңгелек үстел ұйымдастырылады.

2017 жылдың қорытындысы бойынша Өзбекстанмен сыртқы тауар айналымы 16,8 пайызға артып, 622,6 млн. АҚШ долларын құрапты. Ал импорт 369,88 млн. АҚШ долларын құраған.

Қазіргі кезде ОҚО-да 2 ірі кілем фабрикасы мен дайын өнім шығарудан шикізат көзі -мақтадан матаға дейін жабық циклін жүзеге асыратын «Азала текстиль» фабрикасы жұмыс істеп жатыр. Сонымен қатар облыста дайын тоқыма бұйымдары ман арнайы киім тігетін және шұлық шығаратын фабрикалар жұмыс істейді.