Шымкентте "жасыл экономика" элементтерін енгізу бойынша Концепция жасалмақ

0
1 925

​Жаңа тұжырымдама бірнеше бағытта іске асырылады. Негізінен, су және электр көзін үнемдеуде озық технологияны енгізу, автоматтандырылған жылу нүктесінің сызбасын жасау, әкімшілік ғимаратын ыстық сумен қамту, сондай-ақ қалалық әкімдіктің қажеттілігіне байланысты электромобильді қолдануға сатылап көшу.


Шымкентте

"Жасыл əкім" жобасы аясындағы бұл құжаттың мақсаты - әкімдік жұмысының құрылыс және коммуналдық секторына заманауи технология мен энергия көздерін енгізу. Оны Шымкентте даттық «DanfossA/S» компаниясының мамандары жүзеге асыратын болады.

Жаңа тұжырымдама бірнеше бағытта іске асырылады. Негізінен, су және электр көзін үнемдеуде озық технологияны енгізу, автоматтандырылған жылу нүктесінің сызбасын жасау, әкімшілік ғимаратын ыстық сумен қамту, сондай-ақ қалалық әкімдіктің қажеттілігіне байланысты электромобильді қолдануға сатылап көшу.

Сарапшылардың айтуынша, бұл экологияның жақсаруына және бюджет қаржысын үнемдеуге алып келеді.

Халықаралық «DanfossA/S» концерні жылу және өнеркәсіптік автоматикасына маманданған. Айта кетсек, компанияның негізі 1933 жылы қаланған, әлемнің 25 мемлекетінде 93 зауыты бар.

дереккөз: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі