Шымкенттегі танымал университет мұғалімін пышақтаған бұрынғы прокурор болып шықты

0
2 074

Марқұм өткен жылы жұбайы Қанат Исаұлы қыздарын ұрлап кеткені туралы БАҚ-та мәлімдеме жасаған болатын. Оның бірінші некесінен үш перзенті бар екен.


Шымкенттегі танымал университет мұғалімін пышақтаған бұрынғы прокурор болып шықты

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университетінің оқытушысын пышақтаған Түркістан прокурорының бұрынғы көмекшісі 40 жастағы Қанат Исаұлы екен. Бұл туралы Holanews.kz. хабарлайды.

Мәліметті Шымкен қаласы Әл-Фараби аудандық сотының судьясы растады. Судья Болат Қарабаевтың айтуынша, оқу ғимаратында ерлі-зайыптылардың арасында жанжал орын алған. Ашу үстінде ер адам пышақ алып, әйелінің желке тұсынан 5 рет ұрған.

Пышақталған əйел М.Əуезов атындағы ОҚМУ нің экономика факультетінің оқытушысы. Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем қызметі пышақталған əйелді облыстық клиникалық ауруханаға жеткізген. Алған дене жарақаттарынан əйел тілге келмей ауруханада қайтыс болған.

"Əйелдің кеуде тұсынан 5 рет пышақ жарақаты болған. Біреуі тура жүрекке тиген. Халі тым ауыр болатын. Науқас ота үстінде көз жұмды", - дейді жедел жәрдем қызметінің кезекші дəрігері.

Қанды оқиғаға марқұмның күйеуі күдікті деп танылған. Пышақталып жантəсілім еткен əйел 1987 жылы туған.

Ал, экс-прокурор қамауға алынып, оған қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Марқұм өткен жылы жұбайы Қанат Исаұлы қыздарын ұрлап кеткені туралы БАҚ-та мәлімдеме жасаған болатын. Оның бірінші некесінен үш перзенті бар екен.