Созақта шахматтан аудандық жарыс өтті

0
2 303

Созақтағы аудандық шахмат жарысы 16 желтоқсан – Тәуелсіздік мерекесіне арналды.


Созақта шахматтан аудандық жарыс өтті

16 желтоқсан – Қазақстан Респубикасы Тәуелсіздік күніне орай, Түркістан облысы, Созақ ауданындағы Шолаққорған ауылындағы А. Байтұрсынов атындағы жалпы орта мектебінде шахматтан ауданның ауыспалы кубогы үшін жарыс өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Елбасы Н.Назарбаевтың алды­мызға қойған міндеттерінің бірі – спорт пен сала­уат­ты өмір салтын насихаттау. Сонымен қатар, Президентіміздің елімізді бәсекелестікке қабі­летті мемлекеттер қатарына қосуды көздейтін «Интеллектуалды ұлт – 2020» атты жобасы бар. Аудандық шахмат жарысы осы мақсаттарды жүзеге асыру аясында ұйымдастырылды.

Созақ аудандық денешынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен өткен жарысқа ауданның барлық жас ерекшелігіндегі азаматтары қатысты.

Жарыстың ашылу салтанатында Созақ аудандық денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы М. Ниязәліұлы үміткерлерді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтап, адамды жаңа формацияға тәрбиелеуде, ойлау қабілетін дамытып, кез келген мәселеде жылдам әрі нақты шешім қабылдауға шыңдауда шахмат ойынының орны ерекше екенін айтты.

Жеңіске жетуге рухтандырған аудандағы ақылдылар ойыны қызықты, тартысты өтті. Жарыс қорытындысы бойынша 1 орынды А. Мұсабеков, 2 орынды М. Сейсенбаев, 3 орынды С. Абызов иеленді.

Шахмат жарысының жеңім­паздары мен жүлдегерлері арнайы сыйлықпен марапатталды.