Сыбайлас жемқорлықтың себептерін азайтуда қоғаммен байланыс орнатудың ықпалы орасан

0
2 198


Сыбайлас жемқорлықтың себептерін азайтуда қоғаммен байланыс орнатудың ықпалы орасан

ERNUR.KZ ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша Департаменттің облыстағы басшысы Әли Көмекбаев және Арнайы мониторингтік топтың төрағасы, облыстық мәслихаттың депутаты Әділхан Исабаев Өңірлік коммуникациялар қызметінде брифинг өткізді.

Олар сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау мен бағалауды іске асыру бойынша облыс, қала және аудандарда арнайы мониторингтік топ құрылып, олардың ХҚКО, аудандық және ауылдық әкімдіктер мен, білім ұялары және ауруханаларға арнайы тексеру жұмыстарын жасауға кірісіп кеткенін жеткізді.

Сонымен қатар ОҚО Әдеп жөніндегі кеңестің жұмысы қызметшілерді жазаға тарту емес, керісінше бұзушылықтардың алдын алуға бағытталғанын, электрондық көрсетілетін қызметтерді насихаттау, қоғаммен кері байланыс орнатудың тиімділігін атап өтті. Облыс әкімі Жансейіт Түймебаев үгіт-насихат жұмыстарын халыққа барынша жеткізуді өз бақылауына алатындықтан жоғары дәрежеде жұмыстар атқарылу керек деді департамент басшысы.

Департаментке жер саласы бойынша азаматтар жиі хабарласады екен. Бұл салаға қатысты сұрақтар кез-келген азаматты алаңдататын болғандықтан ұсыныстар мен пікірлерді анықтау, қолдау көрсету мақсатында taldau2018@mail.ru поштасы сондай-ақ memkyzmet.kz сайты әзірленіп, онда арнайы мамандар жылдам кеңестер беріп отырады. Сонымен қатар қоғаммен кері байланыс орнату мақсатында 8-775-869-21-21 «WhatsApp» желісі жұмыс жасауда.