Тәртіп сақшысы болуға талабы барларға қабылдау өтті

0
1 272

"Ашық есік күні" акциясы аясында төрт сағаттың ішінде 30-ға жуық азаматқа кеңес берілген.


Тәртіп сақшысы болуға талабы барларға қабылдау өтті

Түркістан облысы полиция департаменті ішкі істер органдарында қызмет етуге үміттілерге арнайы акция өткізді. Департамент жанындағы фронт офисте сағат 10.00-13.00 аралығында тәртіп сақшысы атануға талабы бар азаматтар қажетті ақпарат алды деп хабарлайды ERNUR.KZ. тілшісі.

"Ашық есік күні" акциясы аясында төрт сағаттың ішінде 30-ға жуық азаматқа кеңес берілген. Аталған іс-шара туралы Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі әлеуметтік желілерде алдын ала хабарлама таратқан болатын.

"Ішкі істер органы саласына қызметке орналасуға ниеті бар азаматтарға тиянақты түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, бағыт бағдар беру үшін Түркістан облысы полиция департаментініңбасшысы Қайрат Дәлбеков департаменттің кадр бөлімі мамандарына тапсырма берген болатын.

Аталмыш акцияның мақсаты: ішкі істер органдарына қызметке тұруға ниеті бар тұрғындарға түсіндірмелер беріп, бағыт бағдар көрсету. Сондай-ақ, оларға қызметке қабылдануға байланысты критерилер жазылған брошюралар мен парақшалар таратылды,"-деп хабарлайды Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.


Өз кезегінде полицейлер, мұндай акцияларды жиі өткізу қызметке кіруге қызығушылық білдірген азаматтардың жұмысқа тез арада орналасуына айтарлықтай септігін тигізеді деп сенеді. Сонымен қатар, облысымыздың тәртіп сақшылары ашық есік күніне қатысқандардың барлығына дерлік алғыстарын айтты.