​Тәуелсіздік қарсаңында мақтааралдықтар марапатқа ие болды

0
1 408

Еліміз өз алдына шаңырақ құрып, отау тіккеніне де 27 жылдың жүзі болды. Бұл тарих үшін қас-қағым сәт болса да, еліміз үшін әр күні қарбалас тіршіліктерге толы мерейлі, мәртебелі сәттерге айналды.


​Тәуелсіздік қарсаңында мақтааралдықтар марапатқа ие болды

Түркістан облысында бір ғасырға жуық тарихы бар іргелі Мақтаарал ауданының жұртшылығы қасиетті Тәуелсіздік мерекесін жоғары деңгейде атап өтті. Салтанатты шарада ауданда жемісті еңбек етіп, өз кәсібінің нағыз маманы атанып, ауданның дамуына сүбелі үлесін қосып жүрген бірқатар азаматтар марапатталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Еліміз өз алдына шаңырақ құрып, отау тіккеніне де 27 жылдың жүзі болды. Бұл тарих үшін қас-қағым сәт болса да, еліміз үшін әр күні қарбалас тіршіліктерге толы мерейлі, мәртебелі сәттерге айналды.

Тәуелсіздік халқымыз үшін жүзеге асып, үкілі үмітке толы ұлттық мүдде мемлекеттік мүддемен үйлесім тапқанын, ендігі ретте елдің өмірінде ұсақ-түйек мәселе дегеннің болмайтынын айтқан Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов «Тәуелсіздік мерекесі сан ғасырлар бойы армандаған ержүрек ата-бабамыздың ұрпағы – бізге бұйырып отыр. Бұл мереке біздің ержүрек батырларымыздың мерекесі. Баршамыз үшін қадірлі де қасиетті болған мерекеміз құтты болсын!» деп жиналған жұртшылықты мерекемен құттықтады.

Елбасы Жарлығымен қайтадан еншісін алып шыққан Мақтаарал ауданының биылғы жетістіктері дәріптеліп, жыл қорытындыланды. Сан саланың үздіктері Елбасының, облыс және аудан басшыларының мерекелік төсбелгілерімен марапатталды.

Салтанатты шара соңында шырқалған әрбір патриоттық ән мерекеге келген аудан тұрғындарының жүректеріне ұлтжандылықтың нұрын сеуіп, бостандық пен Тәуелсіздіктің қымбат қуаныш екенін жеткізгендей.