Тәуелсіздік күніне орай Түркістан облысы орталығында саябақ ашылды

0
2 713

14 гектар жерге орналасқан «Парасат» саябағының құрылысы 2018 жылдың тамыз айында басталып, желтоқсан айында пайдалануға беріліп отыр.


Тәуелсіздік күніне орай Түркістан облысы орталығында саябақ ашылды

Еліміздің Тәуелсіздігінің 27 жылдығы қарсаңында Түркістан облысының орталығы Түркістан қаласында жаңа саябақ ел игіліне тапсырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Ашылу салтанатына қатысқан облыс әкімі Жансейіт Түймебаев қала тұрғындарын жаңа демалыс аймағының ашылуымен құттықтады.

«Түркістан – облыс орталығы ретінде күннен күнге көркейіп, абаттанып келеді. Алдағы уақытта жаңа қала бой көтеретін болады. Түркістан – рухани әрі мәдени, экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан дамыған шаһарға айналмақ. Міне, бүгін Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында ашылып отырған саябақ облыс орталығы тұрғындарының сүйікті демалыс аймақтарының біріне айналады деп ойлаймын. Егемендігіміз еңселі, тәуелсіздігіміз тұғырлы болғай», - деді Жансейіт Қансейітұлы.

Қаланың Кентау бағытынан кіре берісінен 14 гектар жерге орналасқан «Парасат» саябағының құрылысы 2018 жылдың тамыз айында басталып, желтоқсан айында пайдалануға беріліп отыр. Демалыс аймағының құрылыс монтаж жұмыстарына 260 млн. 742,92 мың.теңге қаржы бөлінген. Құрылысты «Түркістан жарық тазалық» ЖШС мекемесі жүргізген.

Саябақ абаттандырылып, архитектуралық құрылысы жағынан соңғы үлгіде жасақталған. Ондағы орнатылған жарық бағаналары мен аркалар, смарт орындықтар, субұрқақтар мен тренажерлік аспаптар, теннис, футбол, баскетбол алаңшалары мен веложолдар және концерт алаңы демалушыларға қолайлы жағдай туғызатын болады. Саябақты сумен қамтамасыз ету жүйесі толығымен автоматтандырылған.

Дереккөз: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі