Теріскейде Тәкен оқулары өтті

0
1 850

Жазушының 100 жылдық мерейтойына орай облыстық Тәкен оқулары өткізілді. Түркістан облысының аудандарынан 14 үміткер қатысып, қаржылай сыйлықтар үлестірілген болатын.


Теріскейде Тәкен оқулары өтті

Жазушылық адам баласына жаратушыдан берілетін ерекше қасиет. Ол тәңір берген талантпен қатар тынбай ізденуді, үлкен еңбекті қажет етеді. Осындай сирек қасиеттердің бәрі Тәкен Әлімқұловтың бойынан молынан табылатын.

Теріскейдің талантты ұлы Тәкен Әлімқұловтың шығармашылығын ұлықтап, Созақ ауданында 11 жылдан бері «Тәкен оқулары» аудандық байқауы дәстүрлі өткізіліп келеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ ақпараттық порталы Созақ ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жазушының 100 жылдық мерейтойына орай облыстық Тәкен оқулары өткізілді. Түркістан облысының аудандарынан 14 үміткер қатысып, қаржылай сыйлықтар үлестірілген болатын.

Бүгін де Қазақстан Жазушылар Одағы Тәкен Әлімқұловтың 100 жылдық мерейтойын атап өтті. Тойға ауданнан аудан әкімі бастаған бір топ қатысып, Созақтық өнерпаздар ән-күйлерін тарту етті. Кешке қатысушылар Созақ ауданынан келген Т.Әлімқұлов атындағы лицей интернат ұжымының жазушыға арналған көрмесін тамашалады.