Төлеби ауданында "ТӘУЕЛСІЗДІК - ЖЕЛТОҚСАННЫҢ ЖЕМІСІ" атты дөңгелек үстел өтті

0
2 736

Бүгінгі кездесу жастарға рух беріп, өз елінің патриоты болуға үн қосқандай болды.


Төлеби ауданында

Түркістан облысы Төлеби ауданында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне орай дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ Көксәйек көпсалалы техникалық колледжінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасына сілтеме жасап.

Іс-шараны Көксәйек көпсалалы техникалық колледжінің "Қоғамдық пәндер" әдістемелік бірлестігі жетекшісі Мархабат Еркінбекова "Тәуелсіздік - желтоқсанның жемісі" атты тақырыпта ұйымдастырды.

Колледждің белсенді жастары "ызғарлы желтоқсан" оқиғасының қатысушылырымен дөңгелек үстел басына жиналып танымдық кездесу өткізді. Кездесудің басты - Ешенқұлова Сәуле Мейірманқұлқызы. 1986 жылы16 желтоқсан көтерілісіне қатысқан қазақ жастарының бірі бүгінгі дөңгелек үстелге шақырылған арнайы қонақ болды .

“Кездесуде желтоқсан оқиғасына байланысты бейнероликтер көрсетілді. Қазақстанның өткені мен бүгіні жайында , жеткен жетістіктеріміз бен алдағы шығар белестеріміз, алар асуларымыз әңгімеге арқау болды. Бүгінгі кездесу жастарға рух беріп, өз елінің патриоты болуға үн қосқандай болды. Ата- бабамыз аңсаған Тәуелсіздіктің оңай келмегенін түсіну, оны сақтап, болашақ ұрпаққа аманаттап тапсыру бүгінгі ұрпақ еншісіндегі ең басты міндет екенін ұмытпауымыз керек”, - дейді ұйымдастырушы.