Төлебиде колледж қызметкерлері мен студенттер марапатталды

0
1 630

Ата-бабамыз ғасырлар бойы армандап өткен тәуелсіз ел болу мәртебесін көру – бүгінгі ұрпаққа бұйырған зор бақыт.


Төлебиде колледж қызметкерлері мен студенттер марапатталды

Түркістан облысы Төлеби ауданы Көксәйек көпсалалы-техникалық колледжінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне орай «ТӘУЕЛСІЗДІК - ТЕҢДЕСІ ЖОҚ БАЙЛЫҒЫМ» - тақырыбында салтанатты жиын өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ Төлеби ауданы Көксәйек колледжінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасына сілтеме жасап.

Жиын барысында әр салада жемісті еңбек етіп жүрген азаматтар мен ұрпақ тәрбиесінде аянбай тер төгіп, тәрбиеленушілерінің биік жетістіктерге жетуіне өз үлестерін қосқан және білім саласындағы елеулі еңбектері үшін бірқатар колледж қызметкерлері Облыстық білім басқармасының "Алғыс хатымен" марапатталды.

Сондай - ақ өзінің белсенділігімен, ізденімпаздығымен көзге түсіп, қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, көпке үлгі болып жүрген студент жастар колледж директорының "Алғыс хатымен" және "Мақтау грамоталарымен" марапатталды.

Салтанатты жиын соңы концертке ұласып, қатысушыларға мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Ата-бабамыз ғасырлар бойы армандап өткен тәуелсіз ел болу мәртебесін көру – бүгінгі ұрпаққа бұйырған зор бақыт. Осы қуанышымыз құтты, бақытымыз баянды болсын. Жаңа ғасырда қайта түлеген, жасарып, түрленген еліміздің тәуелсіздігі тұғырлы болғай!