Төлебиде туризм бағыттары дамиды

0
2 769

Туризмді дамытуда Біркөлік-Ақмешіт шатқалдарына бас жоспар жасалып, туристік нысандарға баратын жол торабына жол сілтегіштер және әжетханалар қойылған. Көп қаржыны және ұзақ мерзімді талап етпейтін 1, 2, 3 күндік туристік маршруттар және өңірдің басты туристік нысандарын қамтитын 3, 5 күндік екі туристік маршрут әзірленген.


Төлебиде туризм бағыттары дамиды

Төлеби ауданында ақпараттық ашықтықты барынша кеңейту, атқарылып жатқан жұмыстардың жариялылығын, қолжетімді болуын қамтамасыз ету мақсатында, әкімдіктің конференц залында кәсіпкерлік бөлімінің басшысы М.Өсербаев және аудандағы БАҚ өкілдері қатысуымен брифинг өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ Төлеби ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Басқосуда бөлім басшысы ауданда туризмді дамыту мен перспективалары туралы жұмыстармен таныстырды.
М.Өсербаев ауданға 2018 жылдың 10 айында 27 839 турист келгендігін, осы жылы 4 туристік нысанды іске қосу жоспарланса, бүгінгі таңда 3 туристтік нысан «AISA», «SAIRAM SU resort» демалыс орындары және «Ақкен» балаларды саумалмен емдеу орталығы толық іске қосылып, 650,0 млн теңгеге ауданымызға инвестиция тартылғанын атап өтті. Сервистік қызмет көрсету бойынша тұрақты жұмыспен 378 адам қамтылғанын, инфрақұрылымды дамытуда Ақмешіт шатқалына баратын Екпінді-Ақмешіт жолының 2,5 шақырымы жөнделіп, Екпінді-Ақмешіт көпірінің құрылысы аяқталып пайдалануға берілгенін, облыстық маңызы бар КХ82 автомобиль жолында орналасқан «Тау самалы» демалыс аймағына және шаңғы базасына баратын жолдың 30 шақырымына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілгендігін айтты.

Аудан аумағында жалпы 70 туристік нысандары бар, оның ішінде 6 қонақ үй («Алма Тау», «Тау самалы», «Саутс-Ойл», «Изуми», «Бастау», «Айса»), 2 емдік-сауықтыру орындары («Біркөлік санаториясы», «Ақкен» саумалмен емдеу орталығы), 2 балалар сауықтыру лагері («Тау самалы», «Эдельвейс») және ірілі-ұсақ 47 демалыс аймақтары мен 15 коттедж үйлері жұмыс жасайды.
Төлебиде 30-дан аса тарихи-археологиялық объектілері бар, олар сақ заманының қорғандары, орта ғасырлық қалашықтардың орындары және халық арасында аты аңызға айналған тарихи маңызы бар «Жылақ ата», «Ғайып Ерен Қырық Шілтен», «Нұр ата», «Ақ мешіт» секілді көпшілік мінажат ететін әулиелі орындар.
М.Өсербаев Төлеби ауданында алдағы уақытта туризмді 3 бағытта дамыту жоспарымен бөлісті, олар:
- Инфрақұрылымды дамыту: жолдар, жол сілтегіштер, нысан төлқұжаттары, әжетханалар, такси қызметін ұйымдастыру;
- Маркетинг: ел ішінде, сыртқы елдерге туристік өнімді насихаттау, туристтік көрме, жәрмеңкелерге қатысу, жарнамалық материалдар, баннерлер ілу, бейнероликтерді трансляциялау;
- Қызмет көрсету сапасын арттыру: оқыту семинар-тренингтерін ұйымдастыру, ұлттық парктерге және демалыс аймақтарына қоғамдық көлік жүргізу жұмыстары.
Журналистер тарапынан бөлім басшысына туристік орындарындағы тазалыққа қатысты, жол сілтегіштер, шет елдерден туристерді тарту, экскурсия ұйымдастырушыларға қатысты сұрақтар қойылып, тұщымды жауаптар алынды.