Бүгін Түркістан облысы, Төлеби ауданының аудандық мәдениет үйінде «Елбасы жолы: Астана» фильмінің көрсетілімі болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Төлеби ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолын саралаған киноның авторы белгілі режиссер Ақан Сатаев. Шығармада елорданың Алматыдан Астанаға көшуі, сол тұстағы қиындықтар, жаппай құрылыс пен мемлекет құрудағы ілгері істер суреттелген. «Елбасы жолы. Астана» фильмі болған оқиғаның желісінде түсірілген. Тәуелсіздік алған тұстағы экономикалық қиындықтар, жұмыссыздық, Президент айналасындағылардың алдағы күнге деген сенімсіздігі кинода айқын бейнеленген.
Елорда тарихынан сыр шертетін фильм аудан тұрғындарын отансүйгіштік пен елімізге деген жаңашырлығын оятты. Астанамыздың, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың және Тәуелсіз Қазақстанымыздың тарихи даму жолын айқын, ашық және жан-жақты баяндалған көркем фильмнің қойылымын Төлебиліктер шынайы қызуғышылықпен тамашалады.