​Тəуелсіздік күніне орай «Елбасы жолы. Астана» атты отандық фильмнің тұсаукесері өтті

0
1 434

Аудандық мәдениет үйінде өткен шараға Түркістан облысының əкімі Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев арнайы қатысты.


​Тəуелсіздік күніне орай «Елбасы жолы. Астана» атты отандық фильмнің тұсаукесері өтті

Түркістан облысы Сарыағаш ауданында «Елбасы жолы. Астана» атты отандық фильмнің тұсаукесеріне Түркістан облысының əкімі Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев арнайы қатысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Сарығаш ауданыдық мәдениет үйінде Тəуелсіздік күніне орай «Елбасы жолы. Астана» атты отандық фильмнің тұсаукесері өтті. Аудандық мәдениет үйінде өткен шараға Түркістан облысының əкімі Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев арнайы қатысты.

Фильмде Ақмола қаласының Қазақстан астанасы болып іргесі қаланып, бой көтеруі түсірілген. Елбасының сара жолын саралаған фильм барша көрерменнің жүрегінен ерекше орын алды. Фильмжелісі Мемлекет басшысының Астана қаласын салуға бар күш-жігерін сарп етіп, кездескен қиындықтарға мойымай қадамын алға қарай нық баса түскені жайында өрбиді. Ұлт Көшбасшысының елдің еңсесін тіктеп, мəртебесін көтеруде алдына мақсат қойып соған жетуді көздегені аса шеберлікпен сомдалған. Сондай-ақ, ерекше атап өтетін жайт мықты бір күш Елбасыны алға қарай жетелейді бұл фильмде.

Қазақстанның қазіргі күнге жетуі Астананың көркейіп гүлденуі сонау 1997жылдары салынған Елбасының дара ізі. Фильмде сол кездегі үлкен сенімі, асқақ арманы мен рухының мықтылығы аса көркемділікпен бейнеленген. Отандық фильмнің əсіресе жастарға берері мол. Киноны көре отырып ерекше рухани сезімге бөленіп, патриоттық жігер аласың. Бір елдің тағдырын бір жолға қоя білген Ұлт Көшбасшысының нағыз ерлігі шынайы көрсетілген. Фильмді көріп түйінделетін ой, ол жалпы əрбір адамзатта сенім мықты болып Отанға деген сүйіспеншілік шынайы болса нəтижесінде өте үлкен жетістікке жетеді.