​Түймебаевтың түйе жарысты не үшін ұйымдастырғаны белгілі болды (видео)

0
5 087

Алайда, бабына келіп, әбден жараған түйелер тіпті жылқыға жеткізбейтін болған. Мұндай түйелерді халық «желмая» деп те атаған.


​Түймебаевтың түйе жарысты не үшін ұйымдастырғаны белгілі болды (видео)

Оңтүстік өңірінде ұмыт болып бара жатқан түйе жарыс қайта қолға алынды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

26 қазан Шардара қаласында өткен «SAFARI SHARDARA» шарасында Түркістан облысының 15 түйешісі жүйрік түйелерімен өзара жарысқа түсті. Шөл даланың қайығы атанған Ойсылқара тұқымының сайысы мерекелік шараға жиналғандардың қызығушылығын оятты.


Халықаралық шараға қатысқан облыс басшысы Жансейіт Түймебаев аталған жобаның Қызылқұм мен Шардара өңірінің туристік әлеуетін арттыруға мол мүмкіндік ала келетіндігін жеткізді. Әрі тұңғыш рет ұйымдастырылған сайыстың мұнан кейін дәстүрлі түрде өз жалғасын тауып, алыс-жақын шетелдіктер мен республика қонақтарының көзайымына айналатындығын тілге тиек етті.

Естеріңізге салар болсақ, күнгей өлке тарихында ең ауқымды түйе жарысы 1978-1985 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы партия комитетінің бірінші хатшысы Асанбай Асқаровтың тұсында өткен болатын. Шымкенттегі атшабарда (ипподром) түйе мінген балақайлар қысқа қашықтықта өз жүйріктерімен өнер көрсеткен екен.

Міне, сондай халықтық мейрамда көпшіліктің қызығып тамашалайтын ұлттық спорттың бірі - Түйе жарыс жаңа құрылған Түркістан облысында қайта жаңғырып, қолға алынып отыр.

ТҮЙЕ ЖАРЫС:

Ертеден келе жатқан спорт ойындарының бір түрі. Бәйгеге қосылатын түйелер іріктеліп, ай бұрын жаратылып, бапталған.

Ат жарысына қарағанда неғұрлым қысқа қашықтықта өткізіледі. Алайда, бабына келіп, әбден жараған түйелер тіпті жылқыға жеткізбейтін болған. Мұндай түйелерді халық «желмая» деп те атаған. Жарысқа негізінен 11 жас және одан жасы кіші жасөскіндер қатысқан.

Мұндай жарыстар тіпті араб, моңғыл және түркі тектес ұлт пен ұлыстарда да жиі өткізіліп отырған.