Студенттер маңызды мақала туралы ой бөлісті.
Түркістан облысы Түлкібас ауданында «Түлкібас агробизнес және саяхат колледжінің оқытушылары мен студенттері арасында Елбасының "Ұлы даланың жеті қыры" атты мақаласы талқыланды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі Түлкібас агробизнес және саяхат колледжінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аталмыш жиынға "Нұр Отан" партиясы Түлкібас аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А. Нұранов, Түлкібас ауданына қарасты Майлыкент ауылдық округі әкімдігі Қоғамдық кеңесінің төрағасы Ж. Айтбаев, аудан әкімінің аппараты ішкі саясат бөлімінің басшысы Р. Алтынбеков және аудандық "Жас Отан" Жас Қанаттың атқарушы хатшысы Әдиат Ердаулет қатысты.
Басқосу барысында мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың салмақты да, салиқалы мағынада жазылған «Ұлы даланың жеті қыры» тақырыбындағы мақаласы аясында көптеген пікірлер айтылды.
Жиынға келген ел ағалары мен сала басшылары студенттердің тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, мақаланың түп-төркінін түсіндірді. Оқушылар мен студенттер мақала бойынша өз ойларын ортаға салып, маңызды мәселелерді талқылады.