ТҮРКІСТАН: 100-ден астам қашыртқы тазаланды

0
892

Жердің сорлану жағдайының алдын алуға бағытталған жоба бүгінде 96 пайызға орындалып отыр.


ТҮРКІСТАН: 100-ден астам қашыртқы тазаланды

Жетісай ауданындағы қашыртқыларға механикалық тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасына сәйкес Жетісай ауданындағы қашыртқыларға механикалық тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ол үшін облыстық бюджеттен қаржы қаралып, тазалау жұмыстары биыл шілде айында басталған болатын. Жердің сорлану жағдайының алдын алуға бағытталған жоба бүгінде 96 пайызға орындалып отыр.


Жетісай ауданы бойынша механикалық тазалаудан өтіп жатқан су қышыртқылары Қызылқұм, Жаңа ауыл, Жылы су, Атамекен, Қазыбек би, Қарақай, Ш.Ділдәбеков және Мақталы ауылдық округтерінде орналасқан. Бүгінде аудандағы тік дренаждардың жұмысқа жарамсыз күйде екені белгілі. Осы тұста су қашыртқыларын тазалау мәселесінің шешілгені шаруаларға үлкен көмек болып тұр.


"Су қашыртқылары менің білуімше, 50 жылдан кейін тазалаудан өтіп жатыр. Бұл – ауыл диқандары үшін үлкен қуаныш. Сор шаю жұмыстары кезінде суды қайда ағызарын білмей дал болатын едік. Аудан әкімі Мұрат Болатұлы ауылымызға жұмыс сапарымен келген кезде осы өтінішті айтқан болатынбыз. Жұмыс істеліп жатыр. Осындай ауқымды жобаға қолдау көрсеткен облыс басшысы Өмірзақ Естайұлына және аудан атқамінерлеріне ауыл тұрғындары атынан шынайды ризашылығымызды білдіреміз", - дейді Мақталы ауылдық округі, Алмалы ауылының ақсақалы Сақтіллә Темірәлиев.


Бүгінгі таңға дейін 241,3 шақырымды құрайтын аудандық коммуналдық меншіктегі 121 қашыртқының 114-і механикалық тазалаудан өтіп үлгерген. Жоспар 96 пайызға орындалып, жұмыс аяқталуға жақын.