ТҮРКІСТАН: 100 шақырымнан астам каналдар мен қашыртқылар тазаланады

0
667

10 мың гектарға жуық жерге су өткізу мүмкіндігі жақсарады.


ТҮРКІСТАН: 100 шақырымнан астам каналдар мен қашыртқылар тазаланады

Келесте ұзындығы 101 шақырым болатын каналдар мен қашыртқылар тазаланады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Келес ауданындағы ирригация жүйесіндегі өзекті мәселелер талқыланды. Келес ауданы әкімінің орынбасары Абай Жаңбырбаевтың төрағалығымен өткен бас қосуда каналдардың тазалығын қамтамасыз етуі көзделген мердігер мекеме өкілдері мен аудандағы ағын суға жауапты мамандар қатысты.


Қазіргі таңда Біртілек ауылдық округінің аумағынан өтетін Шошым каналының төменгі жағына ағын су жетуі мәселеге айналып отыр. Мәселенің шешімін табуына ұсынысты сол каналға жауапты маман канал бойындағы гидроқұрылымдарды реттеп, каналдың лайға толған тұстарын тазалауды сұрады. Өз кезегінде аудандағы 32 каналды тазалауды міндетіне алған «ARTD GROUP» ЖШС өкілдері қазіргі таңда 5 техника тазалау жұмыстарын бастауға әзір екенін жеткізіп, тиісті келісім-шарттарға отыру жұмыстары жүргізілуде екенін атап өтті.


Осы секілді мәселелерді көтерген ағын су каналдарына жауапты мамандар мердігер мекеме өкілімен жұмыс режимін талқылады. Өз кезегінде аудан әкімінің орынбасары Абай Данабекұлы қажетті шараларды атқаруда аудандағы ағын су каналының басында жүретін мамандармен кеңесе, келісе жұмыс атқарылатынын атап, каналдарды тазалау жұмыстарын тездетіп бастауды айтты.


Айта кетейік, биыл Келес ауданында ұзындығы 101 шақырым болатын каналдар мен қашыртқыларды механикалық тазалау және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Нәтижесінде 217 га жер қайта айналымға түсетін болса, 9 569 га жерге су өткізу мүмкіндігі жақсаруы күтілуде.