ТҮРКІСТАН: 1013456 адам екпе қабылдады

0
783

Соңғы тәулікте 3227 адам екпе салдыруға ниет білдірген.


ТҮРКІСТАН: 1013456 адам екпе қабылдады

Түркістан облысында 1013456 адам вакцина салдырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысында 1013456 адам екпе қабылдады. Екінші компонентпен 956712 адам вакцина алды. Кейінгі тәулікте 3227 адам екпе салдыруға ниет білдірген.


Соңғы тәулікте Түркістан облысында 22 адамда COVID-19 індеті анықталды. Тәуліктік өсім 0,14% құрайды. Облыста пандемия басталғалы 1 125 300 мыңға жуық ПТР- сынамалары алынған. Жұқпалы аурулар ауруханасында барлығы 930 орын бар. Оның 593-і бос. Пандемия басталғалы инфекциясы расталған 15 552 жағдай тіркелді. Олардың 7707-да ауру симптомсыз өткен болатын.


Бүгінде облыс тұрғындары Спутник-V, QazVac және Sinopharm вакциналарын қабылдай алады.