ТҮРКІСТАН: 131 шақырым жол жөнделіп жатыр

0
655

4 нысан пайдалануға беріледі.


ТҮРКІСТАН: 131 шақырым жол жөнделіп жатыр

Шардара ауданында 131 шақырым жол жөндеуден өткізілуде, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының тапсырысымен биыл Шардара ауданында ұзындығы 131 шақырымды құрайтын облыстық маңызы бар 5 жолға жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Оның 41 шақырымы күрделі, 90 шақырымы орташа жөндеуден өтуде.

Жыл соңына дейін 90 шақырым жол жөнделіп, 4 нысан пайдалануға берілетін болады. Қалған 1 нысан, яғни 41 шақырым жолдың күрделі жөндеу жұмыстары 2021 жылға өтпелі. Оның 23 шақырымына биыл асфальт салынады.

Қазіргі таңда, КХ-8 «Өзбекстан шекарасы-Шардара-Арыс-Темірлан М-32» автомобиль жолының 47-70 шақырым аралығында, яғни 23 шақырымына орташа жөндеу жұмыстары толықтай аяқталып, пайдалануға берілген. Аталған жолдың 0-25 шақырымындағы орташа жөндеу жұмыстары ағымдағы жылдың қыркүйек айында, 25-47 шақырымындағы орташа жөндеу жұмыстары биыл қазан айында толық аяқталып, пайдалануға берілетін болады.

Жөндеу жұмыстарының сапасы техникалық қадағалаушы және Түркістан облысы филиалының «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК мамандары тарапынан тұрақты бақылауда. Аталған жұмыстардың нәтижесінде аудандағы облыстық маңызы бар жолдардың жақсы және қанағатты жағдайдағы үлесі - 83%-ға жететін болады.