ТҮРКІСТАН: 150 адам жинап той өткізгендер жауапқа тартылды

0
682

Тәртіптің бұзылуына жол берген бірнеше тойхана иелері анықталды.


ТҮРКІСТАН: 150 адам жинап той өткізгендер жауапқа тартылды

Түркістан облысында карантин режимін сақтамай той жасаған тойхана иелері анықталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Қазіргі таңда коронавирус індетінің жайлап бара жатқаны барлығымызға белгілі. Осы тұста Қазығұрт АПБ-нің қызметкерлері тұрғындардың саулығы үшін карантин режимінің сақталуын қатаң түрде бақылауда. Тәртіп сақшыларының күнделікті жүргізген іс-шараларының нәтижесінде Қазығұрт ауданында карантин талаптарын сақтамай, қағидалардың бұзылуына жол берген бірнеше тойхана иелері анықталды.


Мысалы, Қазығұрт ауданындағы елді-мекеннің бірінде орналасқан тойханада 150-ден астам тұрғын жиналып, «Үйлену той» өткізіп жатқандығы анықталды. Сонымен қатар тағы бір тойханада50-ден астам адам жиналып, «Беташар» тойын өткізген. Аталған той иелеріне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу» бойынша іс-құжаттар жинақталып, СЭББ-ға жолданды.