​ТҮРКІСТАН: 1704 түлек “АЛТЫН БЕЛГІ” төсбелгісін алды

0
458

2023 -2024 оқу жылында Түркістан облысында 1704 түлек “Алтын белгі” иесі атанды.


​ТҮРКІСТАН: 1704 түлек “АЛТЫН БЕЛГІ” төсбелгісін алды

Түркістан облысында 11 жыл үздік оқыған түлектерге өздері оқыған білім ордасында “Алтын белгі” табысталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


2023 -2024 оқу жылында Түркістан облысында 1704 түлек “Алтын белгі” иесі атанды. Сондай-ақ 2400 оқушы “Үздік аттестат” алды.


Айта кетерлігі, биыл мемлекеттік қорытынды емтихан 9 сынып оқушылары үшін 29 мамырдан бастап, 10 маусым аралығында жүргізілді. Ал, 11 сынып оқушылары 28 мамыр мен 11 маусым аралығында қорытынды емтихандарын тапсырды.