16 жыл бойы артынан адам іздеп келмеген.
Түркістандағы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында 2 адам өз-өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан қаласындағы 1-арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында екі науқас бірінен соң бірі өз-өзіне қол жұмсап, қайтыс болған. Бұл туралы Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мәлемдеген.
Деректерге сүйенсек, екі науқасқа да «шизофрения» диагнозы қойылған. Екеуінің де екінші топтағы мүгедек. Бірі 60 жаста болса, екіншісі 46 жаста. Диагнозына сәйкес, суицидке бейім деп танылған олар асылып қайтыс болған.
"60 жастағы азаматтың артынан 16 жылдан бері туыстары іздеп келмеген. Ал, 46 жастағы азамат туыстарымен көрісіп тұрған", – делінген хабарламада.
Бұл оқиға туралы олардың туған-туыстары мен құқық қорғау органдарына хабар берілген.