ТҮРКІСТАН: 2018-2019 оқу жылында 24 мыңнан астам оқушы мектеп бітіреді

0
1 909

Мектеп бітірушілер 2019 жылдың 20 маусым - 5 шілде аралығында ҰБТ тапсырады.


ТҮРКІСТАН: 2018-2019 оқу жылында 24 мыңнан астам оқушы мектеп бітіреді

2018-2019 оқу жылында облысымызда 24061 оқушы мектеп бітіреді - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Олар ҚР Білім және ғылым министрлігімен бекітілген Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларына сәйкес Ұлттық бірыңғай тестілеу 2019 жылдың 20 маусым - 5 шілде аралығында тапсырады. ҰБТ-ға құжаттар қабылдау 1 сәуірден 10 мамырға дейін жалғасады. Облыста 15 ҰБТ өткізу пункті жұмыс істейді. Жалпы 171 аудитория даярланған. Онда 167 ұялы телефон сигналдарын тұншықтырғыштармен жабдықталып, 23 рамалы металіздегіштер, 34 қолға ұсталатын металіздегіштер, 180 тест барысын бақылайтын бейнекамералар және 201 салқындатқыштар, 38 бейнетіркегіштермен жасақталған. Барылық аудиториялардан онлайн трансляциялау қамтамасыз етілетін болады.

Сонымен қатар,11-сынып бітірушілеріне мектептерге енгізілген «BILIMLEND» электронды платформасындағы «Іtest» жүйесінде ҰБТ-ға тегін дайындалуға және Ұлттық тестілеу орталығының сайтында ақылы түрде (260 тенге) байқау тестін тапсыру мүмкіндігі қарастырылған.

Айта кету керек, 2019 жылдан бастап Ұлттық бырыңғай тесттілеу 4 мезгілге бөліп өткізілуде. Мысалы қантар, наурыз, тамыз айларында тестілеуден өткендер бітіруші ақылы түрде оқуға түсу мүмкіндігін алады, ал маусым айында тест мемлекеттік грант негізінде тегін оқуға түсуге мүмкіндік береді. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ардақ Садықова Мәдіханқызы мәлімдеді.

Оның сөзінше, бүгінге дейін өңіріміздегі 20 мыңға жуық мектеп бітіруші жаңадан енгізілген жүйемен тест тапсырып үлгерген.
«2019 жылдың қантар айында алғашқы рет ақылы түрде 5206 бітіруші тест тапсырды, тест қорытындысы бойынша облыстың орта балы 58,3-ті құрады. Наурыз: айында 14375 түлек ақылы тестке өтініш беріп, 14208-і тестке қатысты. Орта бал – 79,5-ті құрады. Жалпы ҰБТ тапсыру ережесінде өзгерістер жоқ. Ережесімен барлық бітірушілер таныс», - деді Ардақ Мәдіханқызы.