ТҮРКІСТАН: 3 жасар бүлдіршін арыққа құлап қайтыс болды

0
839

Ені 1 метр, тереңдігі 50 см.


ТҮРКІСТАН: 3 жасар бүлдіршін арыққа құлап қайтыс болды

Сайрам ауданында 3 жасар қыз бала оқыс жағдайдан қаза болды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

1 қыркүйек күні сағат 20:00-де Түркістан облысы Сайрам ауданы Ынтымақ ауылындағы жеке тұрғын үй аумағында ата-анасының қарауынсыз қалған 2017 жылы туылған қыз бала суармалы арыққа құлап, қайтыс болды. Арықтың ені 1 метр және тереңдігі 50 см. Қайтыс болған бүлдіршіннің денесін ата-анасы өз күшімен алып шыққан.

Оқиға орнына ТЖД-ның 1 қызметкері мен 1 техникасы, ПД-ның 5 қызметкері мен 1 техникасы және 4 жедел жәрдем қызметкері барған.