Оның ішінде 5 жасар бала бар.
Шардара ауданында 70 адам өз кәсібін ашқан, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
28 қараша күні сағат 11:10-да Түркістан облысы, Келес ауданы, Ұшқын ауылында 4 азамат газға уланып көз жұмды. Оқиға орнына Келес ауданы әкімінің орынбасарлары, аудандық полиция және Төтенше жағдайлар бөлімінің басшылары жедел жетіп, тексеру кезінде 4 азаматтың мәйіті табылған. Олар 1974, 1972 жылы туылған ағайынды азаматтар, 1964 жылғы әйел кісі және 2017 жылы туған бала.
Төтенше жағдай департаменті таратқан ақпаратқа сүйенссек, қаза болған ағайынды Кукебаевтар Шардара қаласында жұмыс істеген және сол жақта тұрады. Олар бір апта бұрын туған ағалары Ерлан Кукебаевтің қырық күндік асын өткізуге келген.
3 бөлмелі үй қолдан жасалған табиғи газ арқылы жылытуға бейімделген темір пешпен жабдықталған екен. Ал, пештің түтін шығаратын құбыры гофра түтікшесімен қабырға арқылы горизонтальді бағытта орнатылған. Газ жабдығына уақытылы техникалық қызмет көрсету және жұмысқа қабілеттілігін тексеруге келісімшарт жасалмаған.
«Рейдтік іс-шара жүргізу барысында аталған үйде камин пешін пайдаланып жатқаны анықталып, «КазТрансГаз» акционерлік қоғамының Түркістан филиалы өкілдерімен ескерту жасалған, камин пеші алынып, газ жүйесінен ажыратылған. Оқиға орын алған Б.Майлин көшесі тұрғындарына 2021 жылдың 30 қазанда Келес ауданының Төтенше жағдайлар бөлімімен үгіт іс-шаралары өткізілген. Алдын алу іс-шараларын өткізу кезінде аталған үйде ешкім болмаған. Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 20 қараша күні Ұшқын ауыл округі әкімдігінің қызметкерлері, Ұшқын ауылының барлық көшелеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізген (дауыс зор айтқыш арқылы). Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде. Газдың шығу және өлімнің себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды», - делінген ресми ақпаратта.