ТҮРКІСТАН: 50 мыңнан астам тұрғын сапалы ауыз сумен қамтылды

0
2 703

38 елдімекеннің 33-інде ауыз су құбыры тартылған.


ТҮРКІСТАН: 50 мыңнан астам тұрғын сапалы ауыз сумен қамтылды

Отырар ауданының 50 мыңнан астам халқы сапалы ауыз сумен қамтылған, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы Отырар ауданындағы 38 елдімекеннің 33-інде ауыз су құбыры тартылған. Яғни, Отырар ауданының 50 мыңнан астам халқы сапалы ауыз сумен толық қамтылған. Бұл мақсатта облыстық бюджеттен тиісті қаржы бөлінген. Өткен жылы Көксарай елдімекеніндегі ауыз су жүйелері мен имаратының қайта құру жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ, жер асты су қоры анықталған Бестам, Ызакөл, Жанкел елдімекендерін ауыз сумен қамту үшін құжаттар әзірленіп, ұсыныстар берілді. Ал, жер асты су қоры анықталмаған Ақкөл елдімекеннің жер асты су қорына геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу үшін облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына өтінім берілген.

Сонымен қатар, Отырар ауданындағы автокөлік жолдар да күрделі жөндеуден өтіп, жаңаруда. Жалпы ұзындығы 800 шақырымнан асатын аудан жолдарының 27 шақырымы орта жөндеуден өткен. 2 шақырымға жуық ішкі автомобиль жолдарындағы күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. Нәтижесімен аудан көлеміндегі ішкі көшелердің жалпы қанағаттанарлық деңгейі 62%-ға артты.