ТҮРКІСТАН: 5000-ға жуық отбасыға 50 мың теңгелі әлеуметтік көмек аударылды

0
798

«Birgemiz» қоры арқылы 38907 отбасына 50 мың теңге берілді.


ТҮРКІСТАН: 5000-ға жуық отбасыға 50 мың теңгелі әлеуметтік көмек аударылды

Түркістандық 50 мың теңгелік көмек аударылды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жуырда Елбасы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев «Birgemiz» қоры арқылы тағы 100 мың отбасына қаржылай көмектесу жөнінде тапсырма берген болатын. Осыған байланысты «Nur Otan» партиясы мен өңір әкімдіктері «Birgemiz» қорымен бірлесіп, V транш бойынша 50 мың теңгені үлестірді. Нақтырақ айтсақ, Түркістан облысы бойынша Түркістан қаласының 4852 отбасы аталған көмекке ие болды.

Олардың ішінде аз қамтамасыз етілген, көпбалалы отбасылар 2273 болса, көмекке мұқтаз 2404 мүмкіндігі шектеулі азаматқа да көмек берілді. Сонымен бірге мүгедек бала күтімімен отырған 15 отбасына және ҰОС мүгедектері және оларға теңестірілген 160 адамға 50 мың теңге аударылды.

Мұқтаж отбасылар тізімі Түркістан қаласы әкімдігінің тиісті бөлімі базасындағы дерек бойынша әзірленді. Сонымен бірге партияға келіп түскен өтініштер де негізге алынды.

Жалпы Түркістан облысы бойынша «Birgemiz» қоры арқылы 38907 отбасына 50 мың теңге берілді. Өңір тұрғындары партияның бұл бастамасын жоғары бағалап отыр.