ТҮРКІСТАН: 7 мыңнан астам адам «Pfizer» вакцинасын салдырды

0
610

Оның 5513-і жасөспірімдер болса, 1222-сі жүкті және лактация кезіндегі 496 әйел.


ТҮРКІСТАН: 7 мыңнан астам адам «Pfizer» вакцинасын салдырды

Түркістан облысында «Pfizer» вакцинасын қабылдағандар саны жеті мыңнан асты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістанда оқушыларға, жүкті және лактация кезеңіндегі әйелдерге коронавирусқа қарсы «Pfizer» вакцинасы салынып жатыр. Дәрігерлер жасөспірімдерді медициналық тексеруден өткізіп, қарсы көрсетілімдері болмаған жағдайда екпе егуде. Қазіргі уақытта облыс бойынша «Pfizer» вакцинасын қабылдағандар саны – 7231 құрайды. Оның ішінде 5513-і жасөспірімдер болса, 1222 жүкті және лактация кезіндегі 496 әйел «Pfizer» екпесін алды.


Мекемелерде профилактикалық жұмыстарды жүргізу үшін барлық жағдай жасалған. Екпе егетін медицина мамандары арнайы оқытудан өткен. «Pfizer» екпесі 12-ден 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге, жүкті әйелдер мен лактация кезеңіндегі әйелдерге ерікті түрде салынады. Яғни, профилактикалық екпе азаматтардың өз келісімімен ғана жүргізіледі. Ал жасөспірімдерді вакцинациялау тек ата-анасының немесе заңды өкілінің келісімімен жүзеге асады.


Айта кетейік, Түркістан облысына «Pfizer» вакцинасының 17550 дана мөлшеріндегі екінші партиясы жеткізілген.