ТҮРКІСТАН: 995 мыңнан астам вакцина салдырды

0
392

Соңғы тәулікте 4565 адам екпе салдыруға ниет білдірген.


ТҮРКІСТАН: 995 мыңнан астам вакцина салдырды

Түркістан облысында 995625 адам екпе салдырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысында 995625 адам екпе қабылдады. Екінші компонентпен 940981 адам вакцина алды. Кейінгі тәулікте 4565 адам екпе салдыруға ниет білдірген.


Соңғы тәулікте Түркістан облысында 27 адамда COVID-19 індеті анықталды. Тәуліктік өсім 0,17% құрайды. Облыста пандемия басталғалы 1 113 952 мыңға жуық ПТР- сынамалары алынған. Жұқпалы аурулар ауруханасында барлығы 930 орын бар. Оның 613–і бос. Жалпы, пандемия басталғалы инфекциясы расталған 15 436 жағдай тіркелді. Олардың 7688-да ауру симптомсыз өткен болатын.


Бүгінде облыс тұрғындары Спутник-V, QazVac және Sinopharm вакциналарын қабылдай алады.