ТҮРКІСТАН: Абайдың мерейтойына арналған іс-шаралар басталды

0
1 076

10 тамыз – Абай күні болып белгіленді.


ТҮРКІСТАН: Абайдың мерейтойына арналған іс-шаралар басталды

Түркістан облысында Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған онлайн іс-шаралар басталды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бүгін Түркістан облысында қазақтың көрнекті ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай "Жеңіс саябағында" «Адамзаттың Абайы» атты мерекелік жиын өтетін болады. Бұдан бөлек, облыстық тарихи-мәдени этнографиялық орталығында «Ұлы даланың ұлы ақыны – Абай» атты онлайн – лекциясы мен «Абай дана, Абай дара» атты онлайн көрме ұйымдастырылмақ.

Сондай-ақ, ақын, ағартушы Абайдың 16 қара сөзі, «Өлең сөздің патшасы» өлеңінің челленджі, ұлы ойшылға арналған бейнероликтің көрсетілімі өтетін болса, Түркістан облысы Ы.Алтынсарин атындағы балалар кітапханасы «Абай рухы қазақ даласында» бейне көрмесін ұйымдастырып, «Айттым сәлем, Қаламқас...» оқырмандардан сый шарасы және облыстық А.С.Пушкин атындағы әмбебап-ғылыми кітапханасында «Абайды оқы, орында», «Абайға тағзым» бейнабаяндары көрсетіліп, «Абай - ұлт биігі» көрмеге виртуалды шолу, «Абайды оқиық» библопост жобасы жүзеге асырылмақ.

Айта кетейік, биылғы жылы әлемнің көптеген елдері Қазақстанның бастамасымен және ЮНЕСКО-ның қолдауымен Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын атап өтеді. Осыған орай елімізде президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен 10 тамыз – Абай күні болып белгіленді.