ТҮРКІСТАН: "Адал көмек" жобасы тұрғындарға құқықтық кеңес беріп жатыр

0
1 079

69 Фронт кеңсе мен 4 Халықтық кеңсе тұрғындар үшін жұмыс атқаруда


ТҮРКІСТАН:

Түркістан облыстық "Адалдық алаңы" жобалық кеңсесі атқарған жұмыстарды қорытындылады, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облыстық «Адалдық алаңы» кеңсесі жанынан билік институттарына қоғамның сенімін арттыруға бағытталған «Адал көмек» жобасы іске қосылған. Жоба аясында тұрғындарға тегін құқықтық кеңес беру үшін еріктілер ретінде тәжірибелі заңгерлер, қала-аудан, ауыл әкімдері мен мекеме басшылары қызмет көрсетіп келеді.

«Билік институттарының ашықтығын қамтамасыз етуге кеңсенің бастамасымен 57 мекеме «Open Space» үлгісінде және 69 Фронт кеңсе мен 4 Халықтық кеңсе тұрғындар үшін жұмыс атқаруда. Сондай-ақ, облыс аумағында билік институттарының қоғаммен кері байланысын арттыру мақсатында «Safe zone» - қауіпсіз аймақтар жобасы қолданысқа еніп, 83 ауылдық әкімдіктерге ауыл тұрғындарына тегін әрі кез-келген уақытта қол жетімді wi-fi, компьютер, принтер, стационарлы телефон, сенім жәшігі орнатылды», - дейді кеңсе жетекшісі.

Айта кетейік, қоғамдағы жариялылық пен ашықтықты қалыптастыру мақсатында жұмыс істеп жатқан аталмыш жоба 2020 жылдың алғашқы жартысында атқарылған жұмыстар бойынша қорытынды брифинг өткізген.