ТҮРКІСТАН: "Адалдық алаңы" бірнеше жобаларды қолға алған

0
1 182

Аталмыш жоба ел сеніміне ие болуда.


ТҮРКІСТАН:

Түркістан облыстық "Адалдық алаңы" жобалық кеңсесі атқарған жұмыстарды қорытындылады, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

«Адалдық алаңы» жобасы Еліміздің Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауы аясында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен қолға алынып, қазіргі таңда еліміздің барлық өңірлерінде жобалық кеңселер қызмет етіп келеді. Түркістан облысының аймақтық кеңсесі де 2 жылға жетпес уақыт ішінде біршама жетістіктерге жетіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастамаларды жүзеге асырып, жергілікті билік институттарына қоғамның сенімін арттыруға ықпал жасауда. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов мәлімдеді.

Сондай-ақ, брифингке қатысқан Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі, "Түркістан - адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің жетекшісі Асыл Алдаберген жобалық кеңсенің атқарған жұмыстарына тоқталды.

«2018 жылдың 13 желтоқсанында «Түркістан – адалдық алаңы» аймақтық Жобалық кеңсесі ашылған болатын. Басты мақсат - облыс тұрғындарының игілігі үшін сыбайлас жемқорлықты жою. Кеңсе жанынан әр сала бойынша бірнеше жобалар қолға алынды. Олар: «Адал көмек», «Саналы ұрпақ», «Сапалы жол - адалдық алаңы», «Парасаттылық мектебі», «Safe zone», «Protecting Business and Investments» жобалары. Барлық жобалар әр саладағы ашықтық мен жариялылықты көрсетуге бағытталған», - деді Асыл Берікұлы.