ТҮРКІСТАН: Әділет департаментімен үш нотариустың лицензиясы тоқтатылды

0
924

Түркістан облысы бойынша 198 нотариус, 162 адвокат, 200 заң кеңесшілері қызмет атқарады.


ТҮРКІСТАН: Әділет департаментімен үш нотариустың лицензиясы тоқтатылды

Түркістан облысы бойынша Әділет департаменті ағымдағы жылдың І-жартыжылдығында мемлекеттік көрсетілетін қызметтің 11 түрі бойынша 1 451 қызмет көрсетті. Көрсетілген қызмет түрлерінен бюджетке 3 040 680 00 теңге мемлекеттік алымдар түскен. Бұл туралы Түркістан облысы Әділет департаментінің басшысы Мұхит Тұрғараев мәлімдеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

«Бүгінгі таңда Түркістан облысы бойынша 198 нотариус, 162 адвокат, 200 заң кеңесшілері қызмет атқарады. 2022 жылдың І -жартыжылдығында 1 нотариустың лицензиясын тоқтату, 3 нотариустың лицензиясын уақытша тоқтата тұру туралы шешім қабылданды. Сондай-ақ, 2 адвокаттық лицензия тоқтатылып, 3 адвокат әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - деді департамент басшысы.
Сонымен қатар, «Е-заң көмегі» ақпараттық жүйесі бойынша 162 адвокат қызмет атқаруда. ҚР Әділет министрлігінің 2020-2024 жылдарға арналған Даму жоспарына сәйкес мемлекеттік кепілдік берген заң көмегін көрсетуге келісілген адвокаттардың саны – 117. 2022 жылға «Адвокаттардың заңгерлік көмек көрсетуі» бюджеттік бағдарламасы бойынша мемлекеттік кепілдік берген заң көмегін көрсету шеңберінде республикалық бюджеттен 109 728 000 теңге бөлініп, 2022 жылдың І-жартыжылдығына жоспарланған теңге игерілді.