ТҮРКІСТАН: Әкімшілік ғимараты мектепке айналады

0
1 221

24 бастауыш сынып, 26 жоғары сыныптар білім алатын болады.


ТҮРКІСТАН: Әкімшілік ғимараты мектепке айналады

Төлеби ауданында әкімшілік ғимараты мектепке айналып жатыр, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы Төлеби ауданы Киелітас ауылдық округінде 2000 жылға дейін әкімшілік болған ғимарат қазіргі таңда заманауи мектепке айналып жатыр. Сондай-ақ, қазіргі уақытта Достық елді мекеніндегі №16 мектебінің қайта құру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Атап өтсек, бұл жұмыстар «Жол картасы» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып отыр.

Бүгінде мердігер мекеме «Аша–А» ЖШС ғимараттың ішкі терезелері мен есіктерін толығымен орнатып, ішкі әрлеу және темір черепицалы шатыр жабуды аяқтады. Сонымен қатар, сыртқы әрлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Алдағы уақытта жаңа білім ордасы қажетті құрал-жабдықтармен толық қамтылмақ. Нысанды қайта құру жұмыстары қараша айында аяқталады деп жоспарланған.

Дегенмен мердігерлер білім ұясына айналғалы отырған ғимаратты қыркүйек айының соңында тапсырамыз деп жоспарлап отыр екен. Бұл мектепте 2020-2021 жылғы оқу жылында екі ауысымда 24 бастауыш сынып, 26 жоғары сыныптар білім алатын болады.