«ТҮРКІСТАН» әлеуметтік даму корпоративтік қорына бүгінге дейін 117 млн теңге қаражат түскен

0
1 163

Қаржы Мақтаарал ауданындағы тұрғын үй салу, егін мен мал шығындарын өтеуге жұмсалады.


«ТҮРКІСТАН» әлеуметтік даму корпоративтік қорына бүгінге дейін 117 млн теңге қаражат түскен

«ТҮРКІСТАН» әлеуметтік даму корпоративтік қорына бүгінге дейін 117 млн. теңгеден астам қаражат түскен, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бүгінде «Түркістан» әлеуметтік даму корпоративтік қоры Мақтаарал ауданында су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көмек көрсету үшін қаражат жинау ісін жүзеге асыруда. Ол үшін арнайы есеп-шот ашылып, барлық БАҚ беттері мен әлеуметтік желілерде кеңінен насихаттау жұмыстары жүргізілген болатын.


Нәтижесінде бүгінгі таңда қорға 117 млн. теңгеден астам қаражат түскен. Бұл қаржылар Мақтаарал ауданындағы тұрғын үй салу, егін мен мал шығындарын өтеу бағытындағы жұмыстарға бағытталады.

Айта кетейік, қор өз жұмысын өткен жылғы Арыс қаласындағы төтенше жағдай кезіндегі іс-қимыл алгоритмі бойынша жүзеге асыруда. Сол кезде қор арқылы қалпына келтіру құрылыс жұмыстарына және Арыс қаласының зардап шеккен тұрғындарына бағытталған қыруар қаражат жиналған болатын.