ТҮРКІСТАН: «Анаға хат» шығармашылық байқауы өтті

0
902

100 ден астам мектеп оқушылары қатысқан.


ТҮРКІСТАН: «Анаға хат» шығармашылық байқауы өтті

Ордабасыда «Анаға хат» атты шығармашылық байқауы ұйымдастырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Ордабасы ауданындағы «Игілік» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Анаға хат» шығармашылық байқауның қортынды кеші өтті. 100 ден астам мектеп оқушыларынан келіп түскен шығармалардың арасынан әділқазылар алқасының шешімімен 10 оқушының туындысы үздік деп танылды.


Қалам қабілеті шыңдала түскен оқушыларға Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі айтыскер ақын Ақмарал Леубаева арнайы Дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыстады. Кеш соңы барша аналардың құрметіне арналған концерттік кешке ұласты. Жасөспірімдердің ата-анаға деген құрметін, сүйіспеншілігін арттыруды, жас ұрпақты ізгілікке үгіттеуді мақсат тұтқан іс-шара алдағы уақытта да жалғасын таппақ.