ТҮРКІСТАН: Арыс өзенінің арнасын қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр

0
1 733

Жөндеу жұмыстары күні ертең аяқталуы тиіс.


ТҮРКІСТАН: Арыс өзенінің арнасын қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр

Сайрамда Арыс өзенінің арнасын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Арыста өзен арнасын қайта қалпына келтіру шаралары жүргізілуде. Осыған байланысты Сайрам ауданының әкімі Арман Сәбитов қауіпті аймақтарды арнайы аралады. Бұған дейін Құтарыс ауылдық округіндегі Қызыл арық каналын үш жерінен Арыс өзені шайып кету қауіпі төнген болатын.


Айта кетейік бүгінде қауіпті учаскеде Арыс өзеннің арнасын қалпына келтіру бойынша шұғыл жұмыстар атқарылды. Оған «Тұран Су» МКК-не қарасты Hundai 305 I шынжыр табанды техникасы жұмылдырылған. Сондай-ақ 500 метр өзен арнасы қалпына келтірілді. Мамандардың айтуынша жөндеу жұмыстары күні ертең аяқталуы тиіс.


Бұдан бөлек көктемгі су көбеюі кезінде Арыс өзен арнасының өзгеруіне байланысты Көлкент ауыл округі Ханқорған ауылындағы жайылым жердің бұзылу қаупі орын алды. Осы тұста жауапты мамандар аталған орындардағы өзен арнасы мен бөгетін қалпына келтіру бойынша жұмыстар атқаруда.