ТҮРКІСТАН: Арыста 33 инвестициялық жоба іске асырылады

0
478

Нәтижесінде 1 мыңға жуық жаңа жұмыс орнын ашу көзделіп отыр.


ТҮРКІСТАН: Арыста 33 инвестициялық жоба іске асырылады

Арыста алдағы 5 жылда 33 инвестициялық жоба іске асырылмақ, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Арыс қаласында 2024-2029 жылдары жалпы құны 46 млрд теңгені құрайтын 33 инвестициялық жоба іске аспақ. Нәтижесінде 1 мыңға жуық жаңа жұмыс орнын ашу көзделіп отыр. Ал былтыр 10 инвестициялық жоба жүзеге асқан. Бұл жайында Арыс қаласының әкімі Гүлжан Құрманбекова брифингте мәлімдеді.


Жалпы қаланың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінде жылдың қорытындысымен барлық салада оң динамика орын алған. Дәлірек айтар болсақ, жалпы өңірлік өнім көлемі 55,8 млрд теңгеге жетсе, негізгі капиталға тартылған инвестиция 22,6 млрд теңгеге орындалып, 2022 жылмен салыстырғанда 45,2%-ға өскен.


«Ауыл аманаты» бағдарламасы Арыс қаласында 5 ауылдық округте іске асырылуда. Бүгінгі таңда, жоба аясында Ақдала, Дермене, Байырқұм, Жиделі, Қожатоғай ауылдық округінен 770,2 млн теңгеге 131 жоба мақұлданып, қаржыландырылды. Сондай-ақ, қала халқының табысын арттыру мақсатында арнайы жұмыспен қамту картасы бекітіліп, былтыр Арыс қаласы бойынша 3 763 жаңа жұмыс орны ашылған. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының «10 мың тұрғынға 100 тұрақты жұмыс орнын ашу» жөніндегі тапсырмасының аясында 977 жұмыс орындары ашылды», - деді Гүлжан Мамытқызы.


Өңірде инфрақұрылым саласында да ауыз толтырып айтарлықтай жаңалықтар жетерлік. Мәселен, қала бойынша ауыз су құрылысына жалпы құны 2,2 млрд теңге болатын 14 жоба әзірленген. Сондай-ақ, Арыс қаласы мен оған қарасты елді мекендер толық орталықтандырылған электр желісімен қамтамасыз етілген.